Қарағанды облысында күзгі-қысқы аң аулау маусымы басталды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында терісі бағалы аңдарды аулау майсымы басталды. Өңірдің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында жануарларды аулау ережесін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 қарашадан бастап Қарағанды облысында терісі бағалы аңдарды аулау маусымы ашылды. Ол 15 ақпанға дейін жалғасады.

«Қазіргі уақытта Қарағанды облысының аумағында 139 аңшылық шаруашылығы бар, оның ішінде 106-сы аңшылық пайдаланушыларға бекітілген, ал 33-і уәкілетті органмен өзгеше белгіленбесе, аумағында аң аулауға тыйым салынған резервтік қорда. Жануарлардың жасы мен түрлеріне сәйкес аң аулауды жүзеге асыруды, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерінің тіршілік ету ортасын сақтау және жақсарту мақсатында жануарлар дүниесіне ұқыпты қарауды сұраймыз», – деп атап өтті Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

Аң аулауды ұнататындардың тиісті құжаттары болуы қажет: жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат, аңшы куәлігі, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары. Оқ қаруымен аң аулау кезінде – азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсат қағазы.

Аң аулау, сондай-ақ жануарлардың сирек кездесетін түрлерін жою ережелері сақталмаған жағдайда заң бұзушылар браконьерлік үшін жауапқа тартылатын болады.


Соңғы жаңалықтар