Қарағанды облысында күшті жел мәдениет үйі мен мектептің шатырын ұшырып әкетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 20 тамыз күні кешқе қатты жел Қарағанды облысы Нұра ауданының Тассуат ауылындағы мәдениет үйінің, орта мектептің және 12 үйдің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ТЖК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Арнайы комиссия материалдық шығынның көлемі мен қайта қалпына келтіру ісін жүргізу бойынша жұмыс жасауда.

Елді мекенде электр желісі үзіліп, жарық сөніп қалған. Бүгін таңертең жарықпен қамтамасыз ету бойынша жөндеу жұмыстары басталып кетті. 

Соңғы жаңалықтар