Қарағанды облысында күн 3 градусқа дейін суытады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 24 мамыр күні түнде Қарағанды облысында (солтүстік, шығыс және орталық бөлігі) ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК филиалына сілтеме жасап хабарлайды.

Ауа райының күрт құбылуына байланысты ТЖД тұрғындарға ауа райының өзгерістері туралы ақпараттарды қадағалауға, балаларды қараусыз қалдырмауға, мүмкіндігінше алыс сапарлардан бас тартуға кеңес беруде.

Соңғы жаңалықтар