Қарағанды облысында құмай тазы өсіру қайта жаңғыртылып жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Осакаров ауданы Уызбай ауылының тұрғыны Қазбек Әбдірахманов құмай тазы тұқымды иттерді өсіру дәстүрін қайта жаңғыртумен айналысуда. Оның иттері бірнеше жарыстарда жүлделі орындарды иеленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақ үшін тазы әрқашан жеті қазынаның бірі, құнды жануар саналған. Осындай иттерді өсіріп-баптау оның иесіне де, ұрпақтарына да ерекше жауапкершілік жүктейді. Біз әр жануарға ұқыпты қараймыз, оларды өз балаларымыздай жақсы көреміз», - деп атап өтті Қазбек Әбдірахманов.

Ол асыл тұқымды иттерді қолға үйретумен бала кезінен айналыса бастаған. Енді өзінің білген-түйгенін ұлына үйретіп жүр.

Қазбек Әбдірахмановта қазір бес ересек тазы және бір күшік бар.

Ол республикалық «Қансонар» қауымдастығымен белсенді жұмыс істейді. Ауыл жастарына көкпар ойынын үйретіп жатыр.

«Біздің ауылда да, жалпы елімізде де әр адам өзінің түп-тамырын ұмытпай, ұлттық салт-дәстүрін білсе деймін. Біз оларды ұрпақтан-ұрпаққа үйретуіміз керек. Мен жас ауылдастардан құралған команда жинадым, көкпардан жарыстарға қатысып, жеңіске жеттім», - дейді ит өсіруші.


Соңғы жаңалықтар