Қарағанды облысында көз жұмған екі адамның қандай дертке шалдыққаны зерттеліп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда облыстық инфекциялық ауруханаға Шет ауданы Еркіндік ауылынан жеткізілген науқастардың қандай ауруға шалдыққандығы тексеріліп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.
«Алты адам ауруханаға түскен. Олардың арасында екі азамат қайтыс болды. Қалған төрт адамға ем-дом шаралары жүргізілуде. Біреуі Қарағанды облыстық ауруханасында, үшеуі Шет аудандық ауруханасында ем алып жатыр. Біз медициналық мекемелерге келген азаматтарға қажетті ем-домның барлығын жасап жатырмыз. Бұл, енді, сібір жарасы (түйнеме) ауруы ма немесе басқа ауру ма, оны алдағы уақытта білесіздер, яғни санитарлық-эпидемиологиялық қызмет анықтайды. Қазіргі кезде аталған қызмет өзінің қажетті зерттеулерін жүргізіп жатыр. Анықталғаннан кейін бұл жөнінде жарияланада», - деді Тамара Дүйсенова.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қарағандыда облыстық инфекциялық ауруханасына түйнемеге шалдықты деген күдікпен ауылдың бес тұрғыны жатқызылды. 19 маусымда кешке Шет ауданы Еркіндік ауылының бес тұрғыны бөртпемен облыстық инфекциялық ауруханаға жеткізілді. Осы ретте олар Сібір ойық жарасына шалдықты деген күдік болған еді.
- Сегіз тәртіп сақшысы қаза тапты – ҚР ІІМ
- Президент Жарлығы: Қарағанды облысында төтенше жағдай енгізілді
- Атырау облысында жоғалып кеткен шопан аман табылды
- Алматыда арандатушылар аурухананың мүлкін қиратты
-
Атырау облысында өткен тәулікте 18 адам коронавирус жұқтырды
-
Қарағанды облысының бас имамы өңір тұрғындарына үндеу жолдады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам


