Қарағанды облысында көшеде қалған жалғызбасты әйел мүгедектер үйіне орналастырылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Абай қаласындағы жақындары тастап кеткен әйел адамды мүгедектер үйіне жатқызады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз оны орталыққа тіркеп қойдық, жеке куәлік алу үшін ХҚО-ға құжаттарын да тапсырдық. Құжатты алған бойда біз оған мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындауға кірісеміз. Барлығы жақсы өтсе, оны мүгедектер үйіне орналастырады», - деп мәлім етті Қарағанды қалалық тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғаларды бейімдеу орталығындағылар.

Еске салайық, бұған дейін Абай қаласының орталығында жергілікті тұрғындар өз аяғымен жүре алмайтын әйелді тапты. Оның  есімі - Светлана, жылдан бері қаңғыбастыққа салынған, ата-аналық құқығынан айырылған одан туған-туыстары бас тартқан. Бір кездері Светлана енесін өлтіргені үшін 15 жылға түрмеге қамалған.

Медициналық тексеру кезінде әйелден жүректің ишемиялық ауруы анықталып, аяғының біраз жері үсіп кеткендігі белгілі болды. Абай қаласының әкімдігі мен полициясы әйелді көшеде қалдырмай оны Қарағанды қалалық тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғаларды бейімдеу орталығына жеткізді.

«Гастроэнтерология бөлімінде емдеу курсын қабылдағаннан кейін Светлана Ранованы 5 мамыр күні орталыққа қайта әкелді. Дәл қазір ол өзін жақсы сезінеді, жағдайы қалыпты. Күніне 3 рет тамақтанады, өз аяғымен жүреді», - дейді әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметкерлері.

Бейімдеу орталығындағылардың түсіндіруінше, тұрақты үйі жоқ адамдар орталықта бір жылға шейін қалуға рұқсат беріледі. Алайда сол мерзім ішінде ештеңе шешілмесе науқастың тұрақтау уақыты бірнеше айға ұзартылады. 

Фото: ekaraganda.kz

Соңғы жаңалықтар