Қарағанды облысында көше мен мектепке 16 жыл бұрын қаза тапқан милиция қызметкерінің есімі берілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы Шет ауданының Талды ауылында осыдан 16 жыл бұрын қарулы қарақшылардың қолынан қаза тапқан милиция қызметкері - Рустам Мәжитовтың атына көше берілді.

«Талды ауылында 16 жыл бұрын қауіпті қарулы қылмыскерлерді ұстау кезінде қаза тапқан милиция қызметкері, аға лейтенант, осы жердің тумасы болған Р.Мәжитовтың есімі мәңгі есте сақталмақ. Мұндағы көшеге оның есімі берілуі - соның дәлелі. Бұдан басқа, енді кезінде Мәжитов оқыған мектеп те оның есімімен аталады», - делінеді хабарламада.

2014 жылдың қыркүйегінде Қарағандыдағы Р.Мәжитов тұрған үйде мемориалдық тақта ашылған еді.

1998 жылдың қараша айында Қарағанды қаласындағы қант орталығына қарақшылық шабуыл жасалған болатын. Милиция қызметкерлері таратылған ақпарат бойынша ішінде күдіктілер отырған көлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде олардың бірі тапаншадан оқ жаудыра бастады. Милицияның аға лейтенанты Р.Мәжитовке алты оқ тиіп, соның салдарынан ауруханада көз жұмған. 26 жастағы марқұмның артында 4 жасар баласы қалды. Қылмыскерлер ұсталып, тиісті жазаларын алды.

Соңғы жаңалықтар