Қарағанды облысында коронавирустан емдейтін 5 аурухана жабылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында босаған бес ковид госпиталі жабылды. Олар халыққа көпбейінді медициналық көмек көрсету үшін штаттық жұмыс режиміне оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сырқаттану көрсеткіші екі есеге жуық төмендегені байқалады. Орташа алғанда, күніне шамамен 350 адам індет жұқтырады. Осыған байланысты бізде төсек қорының жүктемесі азайды. Барлығы 4 264 төсек орналастырылды, бұған дейін біз оның 1 433-ін жинап тастадық. Соның арқасында бес ковид госпиталі жабылды. Олар Қарағанды облысының тұрғындарына көпбейінді көмек көрсету үшін қайтарылды. КВИ төсек-орнының жүктемесі - 29 пайыз», - деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Тоқсамбаев.

Госпитальдардың жансақтау бөлімшелерінде 80 пациент жатыр.

Оның көпшілігі ұзақ уақыт өзін-өзі емдеуден кейін өкпенің зақымдануының жоғары пайызымен инфекциялық ауруханаға түскен. ӨЖЖ аппаратына 27 адам қосылған.

Аурудың төмендеуіне қарамастан, босаңсуға әлі ерте. Аймақ әлі де «қызыл» аймақта.

«Біз облыс тұрғындарын өзін-өзі емдемей, барлық шектеу шараларын сақтауға және өздері мен жақындарын қорғауға шақырамыз», - деді қарағандылықтарға Гамаль Тоқсамбаев.

Өткен тәулікте, 14 қыркүйекте облыста 340 жаңа КВИ жағдайы тіркелді, 354 адам сауығып кетті.


Соңғы жаңалықтар