+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған 90 адам тіркелді

2020 жылғы 24 мамыр 09:43
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған 90 адам тіркелді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 90 адам тіркелді. Өсім 19,1 пайыз, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасына сілтеме жасап.

23 мамырдағы мәлімет бойынша, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижесіне сәйкес 90 адамнан COVID-19 вирусы анықталды.

Тіркелген жағдайлардың 24-і скрининг нәтижесінде және 66-сы вирусты жұқтырғандармен жақын байланыста болғандарды тексеру кезінде анықталды. Барлығы жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр.
Ошақтарда залалсыздандыру шаралары жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі мәлімет бойынша облыста коронавирус жұқтырған 562 адам анықталған, оның ішінде 3 адам көз жұмған және 190 науқас жазылып шыққан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT