Қарағанды облысында қора өртеніп, 70-ке жуық ірі қара мен ұсақ мал жанып кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Абай ауданының Бородиновка ауылында сарай өртеніп, 47 ірі қара мен 20 ұсақ мал жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

27 желтоқсан күні сағат 05-39-да Абай ауданының Бородиновка ауылындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына ең жақын өрт сөндіру бөлімі жіберілді. Өрт сөндірушілерге 65 шақырым жол жүруге тура келді.

«Шаруашылық құрылысындағы жеке тұрғын үй аумағында 140 шаршы метр алаңда өрт болды. Тілсіз жау сағат 10:26-да ауыздықталды. Өрт салдарынан 47 бас ірі қара мен 20 бас ұсақ мал қырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар