Қарағанды облысында көпбалалы аналар жаңа мамандықтарды игеріп жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында Саран және Абай ауданында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасы мүшелеріне үйде отырып табыс табуды үйрететін екі фриланс мектебі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Курсқа қатысушылар тігін тігу, киіз илеу ісі мен аспаз мамандығын меңгереді. Қазіргі таңда аталған мамандықтар бойынша 40 адам білім алып жатыр.

Абай ауданында «Іскер Ана» фрилансер мектебі жұмыс істейді. Онда көпбалалы аналар қолөнер бұйымдарын жасауды үйреніп, аспаздық өнерді меңгереді. Алдағы уақытта олар өздері жасаған бұйымдарын сату арқылы отбасылық табыстарын арттыра алады.

Ал Саран қаласындағы фрилансер мектебінде тыңдаушыларды екі бағыт бойынша оқытады: тігін шеберлігі және IT-технологиялар. Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың оқу курстарынан өткен мүшелері тігін фабрикаларынан тапсырыстар ала алады. Ол үшін кәсіпорындармен әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы келісім жасалған.
null

Кәсіпкерлік негіздері «Бастау Бизнес» жобасы бойынша тегін курстарда оқытылады. Оған қатысушылар өз стартапына тегін грант алу мүмкіндігіне ие.

Соңғы жаңалықтар