Қарағанды облысында коммуналдық қызмет ақысын кешіктіргендер айыппұл төлемейді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында төтенше жағдай салдарынан коммуналдық қызметтерді төлеуге мүмкіндігі жоқ тұрғындар кейін төлесе болады. Қарызы бар тұтынушылар коммуналдық игіліктерден ажыратылмайды, сондай-ақ айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коммуналдық қызметтерді төлеу мерзімін ұзарту үшін өтініш жазудың немесе тиісті ұйымдарға жүгінудің қажеті жоқ. Ол автоматты түрде тағайындалады. Бұл туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов мәлімдеді

«Барлық кәсіпорындар ТЖ режимі кезінде адамдарда қаржылық қиындықтар болуы мүмкін екенін түсінеді. Сондықтан олардың барлығы тұтынушыларға өтем мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады. Өтіп кеткен кезең үшін ТЖ режимі аяқталғаннан кейін бірден емес, үш ай ішінде төлем жасау керек болады», - деді Ұлантай Үсенов.

Газ, электр және жылу бойынша көрсеткіштерді беруге қатысты да алаңдаудың қажеті жоқ: оларды кейінірек хабарлауға болады. Мүмкіндігі бар адамдарға телефон арқылы ыстық және суық су көрсеткіштерін беру керек.

Жұмыстан айырылмаған және коммуналдық қызметтерді төлеу мүмкіндігі бар тұтынушыларға төлемдерді банктердің мобильдік қосымшаларының көмегімен жасауға кеңес береді.

Өңіріміздің коммуналдық кәсіпорындары 2020 жылдың 2 сәуірінен бастап карантинге байланысты азаматтарды қабылдауды тоқтатты.

Коммуналдық қызметтерге байланысты барлық сұрақтар бойынша 09.00-ден 17.00-ге дейін келесі телефондар арқылы хабарласуға болады:

Қарағанды: жылумен қамту – «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС - (8-7212) 98-00-05; сумен қамту – «Қарағанды Су» ЖШС - (8-7212) 56-43-45; ҚТҚ – «ГорКомТранс» ЖШС - (8-7212) 56-11-33, «Ресайклинг» ЖШС - (8-7212) 53-11-10; газ – «ЭкоӘлемҚазақстан» ЖШС - (8-7212) 97-30-72.

Теміртау: жылумен және сумен қамту – «Оқжетпес-Т» ЖШС - (8-7213 99-62-64); энергиямен қамту – «Оқжетпес» ЖШС - (8-7213) 44-84-92; «Гордорсервис-Т» ҚТҚ - (8-7213) 98-66-68, «Фирма 777» ЖШС - (8-7213) 98-45-58, «ТТК» ЖШС - (8-778) 891-53-38.

Саран: жылумен қамту – «Сараньтеплосервис» ЖШС - (8-72137) 5-80-30; энергиямен қамту – «РСО» ЖШС - (8-7212) 90-01-52; сумен қамту – «Саранькоммунсервис» КМК - (8-72137) 5-22-70; ҚТҚ – «Леликов» ЖК - (8-7777) 976-08-67, «Мыслицкий» ЖК - (8-701) 258-12-26.

Шахтинск: жылумен қамту – «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС - (8-72156) 3-90-47; энергиямен қамту – «РСО» ЖШС - (8-7212) 90-01-52; сумен қамту – «Шахтинскводоканал» АҚ - (8-72156) 3 -93-80; ҚТҚ - «Крамарева» ЖК - (8-72156) 3-93-38, «Малибеков» ЖК - (8-72156) 3-23-79, «Кропачева» ЖК - (8-72156) 6-64-54.

Абай: жылумен қамту – «Абайлық жылу жүйелері» ЖШС - (8-72131) 4-42-77; энергиямен қамту – «РСО» ЖШС - (8-7212) 90-01-52; сумен қамту – «Жігер Су» КМК - (8-72131) 4-48-58; ҚТҚ – «Абай Көркем» ЖШС - (8-72131) с. 4-85-35.



Соңғы жаңалықтар