Қарағанды облысында көмір сату нүктелерінің интерактивті картасы жаңартылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында көмір сату нүктелерінің интерактивті картасы қайта қаралды. Картаның көмегімен пайдаланушылар жақын маңдағы көмір сату кәсіпорнын оңай анықтай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш карталар арқылы сондай-ақ отын құнын анықтауға болатын телефон нөмірлерін білуге болады. Биыл қара отынның бағасы 8000 теңгеден 13500 теңгеге дейін болады.
Бұл ретте халықтың қатты отынға деген сұранысы алдын ала болжам бойынша 1.9 млн.тоннаны құрайды.
Биылғы жылы көмір сату бойынша 36 нүкте, оның ішінде 23 темір жол тұйығы мен 13 қойма жұмыс істейтін болады.
Қазір облыстың барлық разрездері қатты отынды тиеуге дайын кендерін мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, көмір нарығындағы дүрлігуден аулақ болу үшін Қарағанды облысында жағдай алдын ала бақылауға алынған болатын. Өңір тұрғындарына жылу беру маусымы басталғанға дейін, қазірден бастап отын қорын толықтырып алу ұсынылуда.
- 2020 жылы Қазақстанда 77 мың көлік шығарылды
- Қарағанды жылу электр орталықтарында шығарындыларды азайту жұмысы күшейеді
- Өткен жылы шенеуніктер 245 сыйлықты мемлекетке тапсырған
- Қазақстан экономикалық еркіндік деңгейі бойынша әлем елдері арасында 40 орында тұр
-
Келес ауданында құны 1 млрд теңгенің жобалары іске қосылады
-
Жаңа Экокодекс: Кәсіпорындар үшін «ластаушы төлейді» қағидаты енгізілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам