Қарағанды облысында қолжетімді баспана құрылысы екі есеге артады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жеңіс Қасымбек келесі, 2020 жылды Қолжетімді тұрғын үй салу жылы деп атады.

Ол тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқынын екі есеге қарқындатуды, құрылыста отандық өндіріс материалдарын пайдалануды, сондай-ақ пәтерлерге кезекті қысқартуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала және аудан әкімдері аймақ басшысына Құрылыс және коммуникация жүргізу жоспарлары туралы баяндады.

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Тайхан Қалмахановтың айтуынша, биыл облыста 420 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Олардың 328-і дайын. Қалғандарын осы жылдың соңына дейін қоныстандыру көзделіп отыр. Өткен жылы өңірде 416 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. 2020 жылы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бұл көлемдерді ұлғайту жоспарланған.

Облыс әкімінің айтуынша, үйлердің құрылысы өңірдің барлық аудандарында басталуы тиіс. Мысалы, Балқашта 2020 жылы 45 пәтерлік екі үйді тапсыру жоспарлануда. Олардың бірінде тұрғын үй жалға берілетін болса, екіншісінде – несие арқылы алуға болады. Шахтинскіде келесі жылы бес қабатты үйдің құрылысына кіріседі. Тағы екі көпқабатты – 15 және 60 пәтерлік тұрғын үй жөндеуден өткізіліп, 2020 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

Приозерск қаласында биылғы жылдың қараша айында 24-пәтерлік көпқабатты үй дайын болады. Келесі жылы тағы 69 пәтер пайдалануға беріледі.

Өңір басшысы қол жеткізген жетістіктермен шектелмей, құрылыс қарқынын арттыру үшін қолдан келгеннің барлығын жасауды тапсырды.

«Келесі жылды тұрғын үй құрылысы жылы деп атаймыз. Тұрғын үй қоры құрылысының көлемін ұлғайтуға байланысты кез келген заңды бастамаларды қолдайтын боламыз. Отандық өндіріс материалдарын пайдалану, облыс зауыттарын жұмысқа барынша жұмылдыру қажет», - деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар, облыс әкімі аса қымбат жобаларды әзірлеуге емес, типтік жобаларды пайдалануға көп көңіл бөлуге шақырды. Осылайша, ол дайын пәтерлердің нақты құнын төмендетіп, өңірде өндірілетін материалдарды барынша пайдалануға болады деп есептейді.

Соңғы жаңалықтар