Қарағанды облысында көлік ұрлаушылар жарты сағат ішінде ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жәбірленушіден өтініш түскеннен кейін 30 минут ішінде көлік ұрлаушыларды қолға түсірді, деп хабарлайды Қазақпарат.

14 шілдеде Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне Үштау ауылының тұрғыны «Мерседес» маркалы көлігін ұрлап кеткендігі туралы хабарлаған.

Тәртіп сақшылары Бұқар жырау ауданының барлық жолдарын тексерді. Хабар түскеннен кейін жарты сағат өткен соң учаскелік полиция инспекторы Ерлан Жаңашев пен патрульдік полицияның екі инспекторы Жарас Ақылбеков пен Бахтияр Ысқақов Сарытөбе ауылының маңында ұрланған автокөлікті тоқтатып, күдіктілерді ұстады. Ол Қарағанды облысының үш тұрғыны болып шықты, олар Қарағанды қаласына жету үшін автокөлікті айдап кеткенін мойындады.

Аталмыш дерек бойынша Бұқар жырау ауданының полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену).

Соңғы жаңалықтар