Қарағанды облысында көлік полицейлерді қағып кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Қызылорда - Павлодар» автожолында «Аudi-100» автомобилінің 55 жастағы жүргізушісі полицейлердің қызметтік көлігіне соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облыстық ІІД өкілдерінің айтуынша, жол-көлік оқиғасы 13 шілде күні 19:00 шамасында болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, «Аudi-100» жүргізушісі жүк көлігінің жанынан озып шыға бергенде, полицейлердің жол шетінде тұрған «ВАЗ 21213» қызметтік автомобилін қағып кеткен. Полицейлер ол кезде оған дейін болған жол апатын рәсімдеп жатқан.

«Апат салдарынан екі полиция қызметкері көптеген жарақаттар алып, Абай қалалық орталық ауруханасына жеткізілді. Сондай-ақ полицейлердің машинасында болған 26 жастағы жігіт және «Аudi-100» автомобилінің жүргізушісі де зардап шекті», - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Тиісті сараптамалар белгіленді.

Соңғы жаңалықтар