Қарағанды облысында көктемгі егіс науқаны басталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының бірнеше ауданында шаруалар дәнді-дақылдарды егу жұмыстарына кірісті.

Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен аппарат жиналысында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сағынжан Апақашов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәнді-дақылдарды егуге Абай, Бұқар Жырау, Жаңаарқа және Шет аудандарының шаруалары кірісті. Қазіргі таңда барлығы 21,9 мың гектар алқапқа егін егілді. Оның ішінде 12,8 мың га жерге бидай егілген. Абай ауданында 65 га картоп, 25 га басқа да көкөніс өсірілуде.

Қалған аудандарда топырақты дайындау жұмыстары аяқталып қалды. 96 мың гектар жерде егіс алдындағы өңдеу, ал 33 мың гектарға көктемгі өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Фермерлер дизель отынымен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күнге дейін аймаққа 3 977 тонна жағармай жөнелтілді.


Соңғы жаңалықтар