Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.43 EUR 429.83
RUB 5.96 CNY 55.39
Jańalyqtar

Қарағанды облысында «Көкмайса» этнофестивалі өтеді

2019 жылғы 12 маусым 22:57 602
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында «Көкмайса» этнофестивалі өтеді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Маусымның 14 мен 16 аралығында Қарағанды облысының Ұлытау ауылында екінші мәрте «Көкмайса» этнофестивалі өтеді. Шараға Қазақстанның барлық өңірінен, алыс және жақын шет елдерден қонақтар келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Ұқсас жаңалықтар
Белгілі кинорежиссер Метин Гюнай Сауран қалашығымен танысты Нұр-Сұлтанда «Еуразия» кинофестивалі өтеді

Фестивальдің бірінші күнінде Ұлытау ауылының мәдениет үйінде «Едіге тау - ескі жұрт ескерткіші» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. Конференциядан соң қонақтар үшін Едіге тауына сапар ұйымдастырылады. Түскі астан соң дәстүрлі әндер байқауының іріктеу кезеңі өтеді. Кешкі уақытта жастар үшін «Алтыбақан әндері» мерекесі болады. Мұнда жастар алтыбақанда тербеліп, қазақ халық әндерін орындайды.    

15 маусымда «Көкмайса» этнофестивалі театрландырылған көрініспен ашылады. Дәл осы күні қолданбалы өнер бойынша шеберлік сыныптар, садақ ату, қатын күрес, аударыспақ, теңге алу, асау үйрету секілді ұлттық сайыстар ұйымдастырылады. Кешке сахнада ән орындаушылар байқауының ақтық сайысына шыққандар өнер көрсетеді. Соңында жиналған қауым назарына гала концерт ұсынылады және би кеші болады деп жоспарлануда.

Фестивальдің соңғы күнінде қонақтар мен қатысушылар үшін Ұлытау тауларына экскурсия ұйымдастырылады. Тау бөктерінде атпен серуендеуге болады. Бұл күні сондай-ақ көкпар, қыз қуу, аламан бәйге өтеді. Соңында фестивальдің жабылу салтанаты болады.

«Көкмайса» этнофестивалін ұйымдастырудың басты мақсаты - Ұлытау ауданының туристік әлеуетін жоғарылату болып табылады. Бұл шет елдік қонақтарды қазақ халқының тарихымен және мәдениетімен таныстырудың жақсы және көрнекті мүмкіндігі.

«Көкмайса» этнофестивалі алғаш рет 2018 жылы Жезқазғаннан 160 шақырым қашықтықта Ұлытау маңындағы Кененбай көлінің жанында өтті. Ол «Терісаққан көктемі» этнофестивалінің бір бөлігі болып табылады. Аталмыш шара шет ел азаматтары танымалдылыққа ие болып, ЮНЕСКО және ИСЕСКО (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Ислам ұйымы) беделді халықаралық ұйымдарының назарын аударған.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT