Қарағанды облысында киіктердің саны едәуір көбейді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында киіктердің саны айтарлықтай көбейді. Қазір олардың саны 50 мыңнан асып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жағдайлар ақбөкендердің көбеюіне қолайлы болды. Әсіресе, биотикалық (паразиттер, жыртқыштар) және абиотикалық (қатты аяз, қабыршақ мұз, суық жел) факторлардың әсері аз болғаны жануарлардың көбеюіне септігін тигізді. Бұдан тыс, соңғы жылдары антропогендік фактор да біршама әлсіреді», - дейді Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бас маманы Евгений Протас.

Қарағанды облысында жыл сайын 10 жылдан бері киіктерді әуеден санау жүргізілуде. Ол жануарлардың санын автокөлікпен жүріп санағаннан гөрі дәлірек білуге мүмкіндік береді.

2016 жылы әуеден санау арқылы Қарағанды облысында 36,2 мың бас ақбөкен тіркелген болатын. Ал 2017 жылдың қорытындылары бойынша бұл көрсеткіш 51,7 мыңнан асқан.

Облыстық инспекция өкілдерінің айтуынша, еркек ақбөкенді заңсыз аулағаны үшін төленетін өтемақы мөлшері 500 АЕК-ті құрайды. Ұрғашы ақбөкен үшін 350 АЕК, сондай-ақ жануар төліне де 350 АЕК өтемақы төленеді. 

Соңғы жаңалықтар