Қарағанды облысында киік мүйіздерімен браконьерлер ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында киіктерді атып алған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығының мамандары Нұра ауданының Щербаковский кентіндегі Охотзоопром инспекторларымен және аумақтық инспекциясымен бірге түнгі рейд өткізіп, браконьерлерді құрықтады. Көлікте үш киіктің басы және терісі болды. Жануарларды аулаған аңшылардың бірі кінәсін мойындады», - делінген облыс әкімдігінің ресми сайтында.

Мәлім етілгендей, браконьерлерді ақбөкендердің тіршілік ету ортасына мониторинг жасап жүрген Қарағанды орман шаруашылығының жедел тобы байқап қалған. Инспекторлар Нұра ауданына жануарларға жем беріп, азықтандыру үшін барған.

Қазір ақбөкендердің текелері күйлеуге байланысты әлсіреген кезең. Мамандардың айтуынша, көптеген браконьер жануарлардың сол жағдайын пайдаланып, атып алады.

Киіктерді заңсыз аулағаны үшін 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске саламыз.


Соңғы жаңалықтар