+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Қарағанды облысында «Қазақфильм» күндері өтеді

2020 жылғы 4 ақпан 14:11
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында «Қазақфильм» күндері өтеді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 6-8 ақпан аралығында «Қазақфильм» күндері өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда Абайдың 175 жылдығына орай анимациялық фильмдер түсіріледі «Шыңырау» фильмі Үндістандағы кинофествальге қатысады Қазақстандық «Қыз бен теңіз» әлеуметтік драмасы прокатқа шықты

Көрермендерге төрт фильм көрсетіледі: «Нүркен Әбдіров. Ұлдарымның ең кенжесі», «Құнанбай», «Шырақшы» және «Қарқаралы», деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара 6 ақпанда сағат 16.00-де ІІМ Қарағанды академиясында басталады. Студенттер «Қазақфильм» шығармашылық тобымен: компания президенті Арман Асенов, вице-президент Қанат Төребай, режиссерлер Рүстем Әбдірашев, Ермек Тұрсынов, Олег Белялов және актерлер Мұрат Мұқажанов және Айдос Бектеміровпен кездеседі. Одан кейін «Нүркен Әбдіров. Ұлдарымның ең кенжесі» фильмінің көрсетілімі өтеді.

18.00-де «Сарыжайлау» кинотеатрында кинематографистермен тағы бір кездесу өтеді. Көрермендерге «Шырақшы» фильмі көрсетіледі. Кіру тегін болады. Кинолента майданнан туған ауылына оралған сарбаз туралы әңгімелейді. Ол өзімен бірге неміс солдатының берген сыйлығы – кинопроекторды ала келген. Картинаның бас кейіпкері ауыл мен қалаларға барып, балаларға мультфильмдер көрсете бастады. Майданнан әкелген сыйлығымен ол өмірінің соңына дейін айырылмаған.

7 ақпанда делегация Абай қаласына аттанады, онда барлық ниет білдірушілер режиссерлермен және актерлермен әңгімелесіп, «Құнанбай» фильмін тамашалай алады. Картина Абайдың әкесі туралы баяндайды. Құнанбай болыс билеушісі болған. Өзінің билік ету уақытында оған күрделі шешім қабылдап, жерлестер арасындағы дауды шешуіне тура келген.

Осы күні сағат 16.30-да Теміртауда шығармашылық топпен кездесу өтеді, содан кейін мұнда «Елбасы жолы» киноэпопеясының желісімен «Теміртау: тарихы, тағдыры, өмірбаяны» атты кинокеш өткізіледі.

8 ақпанда делегация Қарқаралы ауданына барады. Онда «Нүркен Әбдіров. Ұлдарымның ең кенжесі», «Құнанбай» және аудан тарихы мен оның көрікті жерлері туралы «Қарқаралы» деректі фильмдері көрсетіледі.

Барлық киносеанстар тегін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT