Қарағанды облысында қараусыз қалған мұнай базасынан өрт шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1,5 га аумақтағы шөп және 50 шаршы метрге төгілген мұнай өнімі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Оқиға 6 маусым күні сағат 13-20-да Осакаров ауданы, Сарыөзек ауылдық округінде, Шоқай стансасынан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан жұмыс істемейтін мұнай базасының аумағында болған.

«1,5 га жерде қураған шөп мен 50 шаршы метр аумаққа төгілген мұнай өнімі, тоғыз металл ыдыстардағы битумның қалдықтары (50 текше метр) өртенген. Өрт 15-10-да ауыздықталып, 16-03-те түгелдей сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - деді Р.Иманқұлов.

ТЖ департаментінің, жергілікті әкімдіктің, «ҚТЖ» ұлттық компаниясының өрт сөндіргіш пойызы және еріктілер жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар