Қарағанды облысында қар құрсауында қалған 79 адам құтқарылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында жолда қалған 79 адам, оның ішінде 7 бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құтқару жұмыстарының бірі Теміртау қаласында «Алматы-Екатеринбург» автожолында жүргізілді. 52859 әскери бөлімінің күшімен қар құрсауында қалған автокөліктерден 17 адам құтқарылды. Адамдар Теміртау және Қарағанды қалаларына жеткізілді.
Теміртауда «Алматы-Екатеринбург» автожолы учаскесінің 1060 шақырымында ТЖД күшімен техникалық ақауы бар автокөліктен ер адам құтқарылып, қалаға жеткізілді.
Тағы бір құтқару жұмысы Шет ауданында жүргізілді. Қызылқой ауылы маңында «Алматы-Екатеринбург» автожолында қар құрсауында тоқтап қалған жедел медициналық жәрдем автомобилі мен жеңіл автокөліктен 9 адам құтқарылды.
Теміртау қаласында құтқарушылар техникалық ақауы бар жеңіл авткөлікте қалған 2 адамды қалаға жеткізді.
Сонымен қатар, Бұхар Жырау ауданында «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автожолының 52-ші шақырымында, Ботақара кентінен 5 шақырым жерде ТЖД күшімен қар құрсауында қалған автокөліктерден 37 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. Құтқарылғандар Қарағанды қаласына жетуіне көмектесті.
Осакаров ауданында, «Қызылорда-Павлодар» а/ж
Бұқар Жырау ауданының Тоғызқұдық ауылынан 9 шақырым және Доскей ауылынан 10 шақырым жерде ТЖД күшімен 9 адам құтқарылды. Олардың ешқайсысы медициналық көмекке қажет болмады.
- Қарағанды облысының Осакаров ауданында биыл 156 отбасы тұрғын үймен қамтылады
- Биыл Қарағанды облысының 1200-ден астам тұрғыны көзіне тегін операция жасатты
- Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
- Қарағандыда 15 конфессияның өкілдері вакцинация пунктінде екпе алды
-
Қарағандыдағы шахташылар көшпелі бригадаларда вакцина алып жатыр
-
Алматы полицейлері жүргізушілерді сақ болуға шақырады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам