+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Қарағанды облысында қант диабетімен ауыратындарға тегін дәрі-дәрмек үшін 986 млн теңге бөлінді

2021 жылғы 24 маусым 04:00
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында қант диабетімен ауыратындарға тегін дәрі-дәрмек үшін 986 млн теңге бөлінді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы қант диабетімен ауыратын науқастарға тегін дәрі-дәрмек сатып алуға 986 миллион теңге бөлді.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда ер адамның құлдықта болғаны туралы іс қарастырылып жатыр ШҚО-да ауылға барып жұмыс істейтін 100-ден астам дәрігерге үй беріледі Өткен тәулікте  3673 адам коронавирус індетінен сауықты

Қарағанды облысында қант диабеті диагнозы бар 26 мыңнан астам пациент ай сайын қандағы қант деңгейін қалыпты ұстап тұруға көмектесетін дәрі-дәрмектер, инсулин шприцтері, инелер және басқа да медициналық бұйымдарды алады. Медициналық сақтандыру жүйесін енгізумен осындай препараттардың тізімі кеңейтілді. Осы жылдың бес айында ғана өңірде қант диабетімен ауыратын науқастар 986 миллион теңгеге дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар алды. Бір жыл ішінде қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алуға 12,8 миллиард теңге жұмсалады.

«Науқастардың мәртебесіне қарамастан, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде аурулар тегін дәрі-дәрмектер алады. Дәрі-дәрмек алу үшін пациент өзінің ауруы бойынша диспансерлік есепте тұруы және дәрігерден рецепт алуы тиіс», – деп түсіндірді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев.

Естеріңізге сала кетейік, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулармен динамикалық есепте тұрған пациенттер тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі. Олардың ішінде онкологиялық, жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, туберкулез – барлығы 35 түрі бар. ТМККК пакетіндегі тегін препараттар тізімінде дәрілік заттардың 299 атауы бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT