Қарағанды облысында инвесторлар 18 әлеуметтік жобаны іске асыруға көмектеседі

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында инвесторлар есебінен жаңа балабақшалар, денсаулық сақтау және спорт нысандары салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІ сессиясы барысында халық қалаулылары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) желісі бойынша жүзеге асырылатын жобалардың жаңартылған тізімін бекітті. Осыған дейін тізімде болған 15 жобаға тағы үшеуі қосылды.

«Қазіргі уақытта барлық қажетті бекітулер мен сараптамалардан үш МЖӘ жобасы өтті. Олардың жалпы құны 426 млн теңгені құрайды. Екі жоба спорт саласында, құны - 186 млн теңге. 115,6 млн теңгеге жоспарланған тағы бірі тілдерді дамыту саласы бойынша жүзеге асырылады», - деп түсіндірді Экономика басқармасының жетекшісі Ораз Тәуірбеков.

Атап айтқанда, бұл - Қарағандыда бой көтеретін «Өжет» спорт кешені, Жезқазғанда ашылатын Таэквондо орталығы және Қарағанды тұрғындары үшін ұйымдастырылатын мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту жобасы.

Басқарма мәліметтеріне сүйенсек, МЖӘ бойынша Қарағандыда, Шет және Бұқар Жырау аудандарында балабақшалар, Саран, Теміртау, Жезқазған қалалары мен Жаңаарқа ауданында гемодиализ және оңалту орталықтарын ашу жоспарлануда. Қарағандыда жеке инвестиция есебінен 300 төсек орнына есептелген облыстық көпсалалы аурухана салынады.

Соңғы жаңалықтар