+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Қарағанды облысында иесіз қалған үйлер қалпына келтірілуде

2021 жылғы 14 қазан 10:42
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында иесіз қалған үйлер қалпына келтірілуде

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының Доскей ауылы қайта жандануда. Мұнда 90-шы жылдардың басында бос қалған тоғыз көпқабатты үй қалпына келтірілді. Екі жыл ішінде барлығы қайта жаңғыртылады, ал бұл 508 пәтер. Сонымен қатар бұл үйлердің жанындағы аумақ абаттандырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» форумы өтті Даму әлеуеті бар 3561 ауыл жаңғыртылмақ

Әсіресе, ауылда болып жатқан өзгерістерге балалар қуануда. Қалпына келтірілген үйде баспана алған Мария Саридидің ұлы футболмен айналысады. Анастас үйдің жанында өзінің футбол алаңы болатынына қуанышты.

Мария Саридидің өзі Доскейде дүниеге келген. Осыған дейін анасымен бірге тұрды. Ұлы туылғаннан кейін жалғызбасты ана ретінде ол тұрғын үйге кезекке тұрды. Әйелдің мүгедектігі бар.

«Әрине, мен баспаналы болуыдан үміт үздім, себебі кезекте 7 жыл тұрдым. Ал биыл кілттерді алған кезде қуанышымда шек болмады. Ұлым екеуміз бақыттан басымыз айналып, қатты қуандық. Үй жылы, тіпті кіреберісте де батареялар ыстық. Барлық коммуналдық игіліктер бар. Маған екі бөлмелі пәтерді сатып алу құқығымен жалға берді. Мен 5 жыл аралығында оның иесі бола аламын. Айына 3 мың теңгеге жуық жалдау ақысын төлеймін. Енді мен оңалып, жұмыс табамын деп үміттенемін, мамандығым бойынша мен әмбебап шаштаразбын», – дейді Мария.

Бірінші болып 40 пәтерлі үй қалпына келтірілді. Ол осы жылдың басында пайдалануға берілді. Соның арқасында кезекте тұрған азаматтар баспаналы болды. Қазіргі уақытта тағы екі үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Олардың бірі 40 пәтерлік, екіншісі – 60 пәтерлік. Келесі жылдың көктемінде пайдалануға береміз. Олардағы пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға бөлінеді. Бүгінде Бұқар Жырау ауданында үй алуға кезекте 1 100 адам тұр, оның 139-ы Доскей ауылдық округінде», – дейді «Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бөлім басшысы Нүркеш Шакманов.

Бұқар Жырау ауданының коммуналдық меншігінде барлығы алты үй бар. Қалған үшеуі келесі жылы қалпына келтіріле бастайды.

Тағы үш үй облыстық мәдениет, денсаулық сақтау және білім басқармаларына берілді. Ондағы пәтерлер қызметтік болады. Оларды мұғалімдер, дәрігерлер және мәдениет қызметкерлері алады.

Көп қабатты үйлерге барлық инженерлік желілер, соның ішінде орталықтандырылған жылыту желілері тартылған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша модульдік қазандық салынды. Екі қазандықтың қуаты бес үйді жылытуға жеткілікті. Барлық көпқабатты үйлер қалпына келтірілгенде, тағы бір қазандық орнатылады.

Бұл үйлердің маңындағы әрбір аула абаттандырылады, асфальтталады және жарықтандырылады, балалар мен спорт алаңдары орнатылады, футбол корты салынады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT