Валюта бағамдары:
    usd/kzt 460.95 eur/kzt 487.18

    rub/kzt 8.66 cny/kzt 68.91
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Қарағанды облысында газға қосылуға субсидия төленеді

2022 жылғы 24 мамыр 08:41

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға газға қосылуға көмектеседі. Көмекті азаматтардың әлеуметтік осал санаттары ала алады. Ол үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2021 жылдың қазан айында Жезқазған, Теміртау және Қарағандыда газ тарату желілері іске қосылды. Салынған нысандар «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сенімгерлік басқаруына өтті. Үш қалада жеке сектордағы 2705 тұрғын үйге газ тартылды.

Газдандыру жұмыстары әлі де жалғасуда.

«Қарағанды мен Теміртауда екінші іске қосу кешенінің құрылысы аяқталу сатысында. Жезқазғанда 1-ші кезектегі екінші іске қосу кешенінің салынған желілерін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға сенімгерлік басқаруға беру жүргізілуде. Үш қала бойынша үш іске қосу кешенінің құрылысы 2023 жылдың бірінші тоқсанында аяқталады. Саран қаласында газ құбырын тарту жұмыстары жалғасуда», – деді өңірдегі энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін үш қалада тағы 4000 үйге газ тарту жоспарланған.

Шахтинск қаласында, Жаңаарқа және Осакаровка кенттерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысына шарттар жасалды. Бұқар жырау және Шет аудандарын, Қаражал қаласының Жәйрем кентін газдандыруға ЖСҚ әзірленуде.


Автор:

Агата Мухамеджанова

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар