Қарағанды облысында фермер туған Түгіскен ауылына спорт кешенін сыйлады (ФОТО)

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы Жаңаарқа ауданының Түгіскен ауылында «Мақсат» шаруа қожалығының қаражатына салынған спорт кешені ашылды. Бұл туралы аудан әкімдігінен хабарлады.

«Түгіскенде спорт кешенінің құрылысын «Мақсат» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Көпбаев қаржыландырды. Жобаның құны - 110 млн. теңге. Мемлекет шаруаға спорт кешенінің құрылысына жер телімін бөліп, коммуникацияларды қамтамасыз етті», - деп баяндады аудан әкімдігінен.

Жаңа спорт кешенінде ауыл тұрғындары волейбол, баскетбол, шағын футбол және күреспен айналыса алады. Жаттығу залы да жабдықталған.

Қ.Көпбаев басқарып отырған «Мақсат» асыл тұқымды мал шаруашылығы қазақтың ақ бас сиырларының етті тұқымын өсіріп-бағуға маманданып отыр. Мұнда 30 жұмыс орны құрылған.

null null null null null

Соңғы жаңалықтар