Қарағанды облысында еріктілер қызметін дамыту үшін грантқа өтінім қабылдау басталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында еріктілер қызметін дамыту және қолдауға арналған гранттарды тағайындау бойынша конкурсқа өтінім қабылдау басталды. Гранттар жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конкурсқа жеке тұлғалар, бастамашыл топтар, сондай-ақ Қарағанды облысының үкіметтік емес ұйымдары қатыса алады. Жеке өтінім берген жағдайда өтінім беруші 18 жастан жоғары болуы тиіс. Егер өтінім бастамашыл топтан берілсе, онда басшы 18 жастан асқан болуы тиіс. Топтың қалған мүшелеріне қойылатын талаптар – қатысушылардың жасы 14-тен жоғары болуы қажет. Конкурсқа қатысуға өтінімді бастамашыл топтың басшысы оның барлық мүшелерін көрсете отырып беруі тиіс. Конкурсқа қатысатын үкіметтік емес ұйымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркелуі тиіс.

Өтінімдер BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасының жеті бағыты бойынша қабылданады:

1. Birgemiz: Bilim - ҰБТ-ға дайындалуға көмектесу, ағылшын тілін, орта мектептердің жоғары сынып оқушыларын компьютерлік сауаттылыққа үйрету және осы бағытқа сәйкес келетін басқа да жобалар.

2. Birgemiz: Saýlyq - бұл денсаулық сақтау саласы, науқастарды күтуге көмек, соның ішінде хоспистерде, онкологиялық диспансерлерде және осы саладағы басқа да жобалар.

3. Birgemiz: Sabaqtastyq - балалар үйіндегі балалар мен жастарға, қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында тәлімгерлік және осы тақырыпқа сәйкес келетін басқа да жобалар.

4. Birgemiz: Taza Álem - қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету және осы бағыттағы басқа да жобалар.

5. Birgemiz: Asyl mura - тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау және осы тақырыпқа қатысты басқа да жобалар.

6. Birgemiz: Qamqor - қарттар үйінде, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында және осы бағыттағы басқа да жобаларда еріктілік қызмет.

7. Birgemiz: Úmit - жоғалған адамдарды іздеу, апаттар қаупін азайту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, соның ішінде Ұлы Отан соғысындағы отандастарымыздың ерліктері туралы баяндайтын құжаттарды іздеу және осы бағытқа сәйкес келетін басқа да жобалар.

Ерікті қызметін дамытуға және қолдауға гранттар беру жөніндегі комиссия туралы ережемен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Жобалық өтінімдер 2020 жылғы 2 желтоқсан сағат 18.00-ге дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы, 4, 205 кабинет.


Соңғы жаңалықтар