+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

Қарағанды облысында еріген қар суы үш жолды басып қалды

2021 жылғы 8 сәуір 13:11
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында еріген қар суы үш жолды басып қалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте Қарағанды облысының аумағында қардың қарқынды еруіне байланысты жолдардың үш учаскесін су басты. Дегенмен көліктердің қозғалысы тоқтамады. Елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Су тасқыны: ҚР ТЖМ өңірлер бойынша жағдайды айтты Су тасқыны: ШҚО-ның Новопокровка ауылында жағдай тұрақтанды ШҚО-да су басқан ауылдың тұрғындары эвакуацияланып жатыр

Тасқын су Осакаров ауданында, Молодежный кентінен 7 км жерде, Қызылорда - Павлодар тас жолының 1058-ші шақырымында болды;

Осакаровка - Молодёжный тас жолының 8-ші шақырымында; Нұра ауданында Нұрсұлтан - Қабанбай батыр - Нұра - Теміртау жолының 148- 149-шы шақырымында. Мұнда ескерту белгілері орнатылып, жол қызметі, жергілікті полиция қызметі және ТЖД бөлімшелерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.


Автомагистральдарға орнатылған су өткізгіштер тасқын сулардың кедергісіз өтуіне мүмкіндік береді.

«Қарағанды облысында су тасқыны жағдайы тұрақты және су тасқынына қарсы облыстық жедел штабтың қатаң бақылауында», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінде.

Өткен жылы 74 жол учаскесінде су өткізу қабілетін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Наурызда Осакаров ауданындағы Сабырқожа, Абай ауданындағы Нұра және Қарқаралы ауданындағы Қарасор көлдерінде мұз жару жұмыстары жүргізілді. Ақтоғай және Бұқар жырау облыстарындағы Ақтас және Нұра өзендерінде бұрғылау және мұз кесу жұмыстары аяқталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT