Қарағанды облысында ер адам ажырасу кезінде әйелін пышақтап өлтірді

Фото:
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында ажырасу процессі кезінде АХАТ бөлімінде ер адам әйеліне бірнеше рет пышақ сұғып, алған жарақатынан ол қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында болды. Аудандық АХАТ бөлімінде ер адам әйелінің кеудесіне бірнеше рет пышақ салған.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігімен (Кісі өлтіру) қылмыстық іс тіркелді. Күдікті ұсталды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Ажырасу процесі әйелдің бастамасымен өтіп жатқан. Белгілі болғандай, ол күйеуімен ажырасу үшін Алматыдан арнайы келген. Кейінгі уақытта ол оңтүстік астанада тұрып жатқан. Қайғылы оқиға АХАТ қызметкерінің көз алдында болды. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған, бірақ дәрігерлер әйелді өлім аузынан құтқара алмады.


Соңғы жаңалықтар