+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қарағанды облысында «Еңбек» бағдарламасымен 30 мыңға жуық адам жұмыс тапты

2021 жылғы 25 қазан 22:34
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында «Еңбек» бағдарламасымен 30 мыңға жуық адам жұмыс тапты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында осы жылы кемінде 70 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Онлайн режимінде өткен аппарат кеңесінде «Еңбек» бағдарламасы бағытында қандай жұмыстар атқарылғаны айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Министр Атамқұлов тұрғын үй бағасына болжамын айтты Тәуелсіздік жылдары Мұнайлы ауданында шағын кәсіпкерлік субъектілері 88% артқан Мобильдік ақша аударымдарын бақылау: Мемлекеттік кірістер комитетінің түсінігі

«9 айда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту шараларымен 32,6 мың адам қамтылды, оның ішінде 28 275-і жұмысқа орналастырылды. Мыңға жуық жас азамат еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарына жіберілді, ал түлектердің едәуір бөлігі жұмысқа орналасты», – деп баяндады Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова.

Ол жұмыс берушілер қандай мамандарға мұқтаж екенін нақтылады. Бұл слесарь-электриктер, газэлектрдәнекерлеушілер, фитнес-нұсқаушылар, механизаторлар, тракторшылар, от жағушылар, тәрбиешінің көмекшілері, тігіншілер, массаж жасаушы мамандар және тағы басқалар.

Облыста «Бастау Бизнес» жобасы да сұранысқа ие. Кәсіпкерлік негіздеріне 1 745 адам оқытылды. Түлектер шағын несие немесе өз ісін ашуға гранттар алды. Облыста грант беруге қосымша қаражат бөлінді.

Мыңға жуық адам жастар тәжірибесіне, алты мыңнан астамы қоғамдық жұмыстарға жіберілді. 700-ге жуық адам әлеуметтік жұмыс орындарын алды.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу шараларының тиімділігін арттыруды тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT