Қарағанды облысында ең үздік учаскелік инспектор анықталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының учаскелік инспекторлары арасында өткен кәсіби байқау үш кезеңнен тұрды. Оған өңірдің 18 қаласы мен аудандарынан келген полицейлер қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеңіске үміткерлер қару атудан, дене шынықтыру дайындығынан жарысып, өз жұмысының нәтижесін көрсетті. Байқаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша ақтық сайысқа 21 учаскелік инспектор өтті.

Сайыс барысында полиция қызметкерлерінің заңдар мен нормативтік актілерді білу деңгейі тексерілді. Ақтық сайысқа қатысушылар «Учаскелік полиция инспекторлары қызметінің имиджін арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алудың оң нысандары мен әдістерін тарату» тақырыбында эссе жазды.

Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша үздік үштікке Ұлытау ауданынан Дидар Айдарбеков, Абай ауданынан Дамир Жаппаров және Балқаш қаласынан Береке Сатбеков ілікті.

Байқау комиссиясының шешімімен Дамир Жаппаров жеңімпаз атанды. Енді ол еліміздің ең үздік учаскелік инспекторы атағы үшін республикалық байқауға қатысады.

Соңғы жаңалықтар