Қарағанды облысында электр энергиясын жеткізушілер бағаны негізсіз көтермек болған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында электр энергиясын жеткізушілер бағаны негізсіз көтермек болған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарағанды облысында электрмен жабдықтау қызметтеріне баға белгілеуге мониторинг жүргізілді. Электр энергиясын жеткізуші ұйымда бағаның өскендігін растайтын шот-фактура болмаған. Өкілетті органдармен бірге қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде баға өсіру жоспары төмендетілді. Осылайша, өңір тұрғындары 2022 жылдың қазанынан 2023 жылдың қазанына дейінгі аралықта 2,5 млрд теңгеге электр энергиясына артық төлем жасаудан қорғалды. Балқаш қаласы тұрғындары үшін 133 млн теңгеге жылумен жабдықтау, 92 млн теңгеге сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне арналған төмендетілген өтелетін тариф енгізілді», - деді Саян Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның дерегінше, 2022 жылдың 11 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 228 мониторинг жүргізілді. Оның барысында 66 мемлекеттік органның және квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметіне сыртқы сараптама жүргізілді. Жемқорлық тәуекелдер мен жағдайларды жою, бизнес-процестерді жақсарту, әкімшілік кедергілерді төмендету, заңнаманы жетілдіру бойынша 2 мыңнан астам ұсыныс пен ұсыным берілді. Бүгінде олардың 70 пайызға жуығы жүзеге асырылды.


Соңғы жаңалықтар