Қарағанды облысында елді мекендерді су басу қаупі сейілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында су тасқынына қарсы штаб қалыпты режимдегі жұмысына ауысты. Өңірдегі жағдай тұрақтанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдегі өзендер мен су қоймаларындағы су деңгейі төмендеді. Су тасқыны кезеңі қайғылы оқиғаларсыз өтті.

«Қарағанды облысының ТЖД-не, Ұлттық гвардияның сарбаздарына, су тасқынымен күресуге көмектескен еріктілерге алғысымды білдіргім келеді. Мен сенбі күні Тассуат ауылында болдым. Тұрғындар осы жылы су тасқынын еш шығынсыз өткеріп, атқарылған жұмыстар үшін алғыстарын білдірді. Ауыл шетінде орналасқан үйлерде әдетке салып уайымдап, дайындалып, судың келуін күтті. Су келді, алайда жаман салдары болмады. Дегенмен, біз әлсіз жерлерді көрдік. Біз Садовое, Чкалово, Тассуат және басқа елді мекендерді нығайту бойынша жұмысты жалғастыруымыз керек», - деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.

Қарағанды облысы ТЖД ақпараты бойынша қазір облыстағы су тасқыны жағдайы тұрақтанды. Өзендерде су деңгейінің айтарлықтай төмендеуі байқалады. Негізгі су қоймаларында төгінділер қысқарды. Жолдарда су жүру тоқтады.

Нұра ауданының Тассуат ауылында ТЖД және әкімдік қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Елді мекенде су басу қаупі жоқ.

Су тасқыны басталғаннан бері облыс аумағында 3 512 м қорғау үймектері тұрғызылды, 49 160 құм салынған қап төселді, 13 676 тонна инертті материал төселді, 631015 текше метр су сорылды, төрт су өткізгіш құбырлар орнатылды, ұзындығы 2 700 метр айналма арналар құрылды.

Соңғы жаңалықтар