Қарағанды облысында экзотикалық жеміс өсіретін жылыжай бар

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Абай ауданындағы «Топар жылыжайлары» тек өзінің қияр және қызанақтарымен ғана емес, сонымен бірге экзотикалық жемістерімен де танымал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Обоыс әкімдігі сайтының мәліметінше, мұнда 440 түп лимон ағашы мен оранжерея бар, онда жылу сүйетін түрлі өсімдіктер өседі. 

Жылыжайда лимонның екі түрі өсіріледі: «Юбилейный» және «Мейра». Лимонарийдің негізі 2000 жылы қаланды. Ол кезде Өскемен, Мәскеу және Өзбекстаннан көшеттер жеткізілген. Үш жылдан соң алғашқы өнімдер жиналды.
Бүгінгі таңда әрбір лимон ағашынан 100 келіге дейін жеміс жиналады. Бір жылда 40 тонна өнім жиналады. Жаңа ғана үзілген цитрустар бірден Қарағанды мен Астананың сауда сөрелеріне жеткізіледі. 
Жергілікті лимондарды жаңа жыл қарсаңында сатып алуға болады. Ағаштар қыркүйектен қаңтарға дейін өнім береді. Сонан соң көктемге дейін демалады. 
Жылыжайда лимондар блогы басшысының жетекшілігімен екі адам жұмыс істейді: ағаштарды өздері баптап, саты қойып жемістерді қолмен жинайды. 
null
«Ең бастысы - өз ісіңді жақсы көру. Ағаштар адам секілді, күтімді сезінеді. Жайлы климат жасау қажет: температура, тыңайтқыштар. Онсыз ешқандай өнім жинай алмайсың», - дейді «Топар жылыжайлары» ЖШС директоры Сұлтан Мұрсәлімов. 
Жылыжай кешенінің оранжереясына күздің соңы және қыстың басында келген жақсы. Қар мен аяздан соң бірден гүлдер мен жеміс ағаштарына толы жұмаққа түскендей боласың. Бұл экзотика - рухани ләззат алу үшін қажет. 

null
Мұнда мандариндер, апельсиндер, грейпфруттар, анар, папая өсіріледі. Сондай-ақ кофе және зәйтүн ағаштары да бар. Осы көктемде киви отырғызылды. Биылғы жылы гуава, құрма, інжірдің өнімділігі жоғары болды. 
null 

Соңғы жаңалықтар