Қарағанды облысында экологиялық сенбілік өтті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылықтар демалыс күндері су қоймаларының жағалауынан қоқыс жинап, ағаш отырғызды. Экологиялық сенбіліктер Дүниежүзілік тазалық күніне (World Clean Up day) орайластырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда акция Федоров су қоймасында өтті. Оған еріктілер, экологиялық белсенділер, қоғам қайраткерлері, кәсіпорын қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер қатысты. Жағалау аймағында тал егілді.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен «Сұрыпта, тапсыр, қайта өңде!» атты акция ұйымдастырылды. Оған қатысушылар Тихоновка орманында қоқыс жинап, оны бірден сұрыптады. Қапқа пластик, шыны, алюминий және аралас қалдықтар бөлек салынды. Содан кейін мұның бәрі қайта өңдеуге жіберілді.

Экологиялық сенбіліктер барлық қалалар мен аудандарда өтті. Жезқазғанда Кеңгір су қоймасының жағалауы қоқыстан тазартылды.

Акция осы жылы өңірде жарияланған «Кеңгір - баршаның қамқорлығы» жобасының логикалық жалғасы болды. Жезқазғандықтар ортақ күш-жігермен жағалауды ретке келтіріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар