Қарағанды облысында екі жылдан соң өлкетану мұражайы жоқ мектеп қалмайды
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының арқасында облыстағы оқушылар қасиетті жерлерге экскурсияларға шығуға мүмкіндік алды. Сабақтардың бір бөлігі тарихи-өлкетану мұражайларында өтеді. Өткен оқу жылы барысында ондай сабақтарда 100 мыңнан астам оқушылар болып қайтқан, - деп атап өтті Ерлан Қошанов. - Және де біз өз туған өлкесінің тарихымен, киелі жерлердің тарихымен таныса отырып, балалардың жүрегінде туған жеріне деген махаббаты туындайтынын көріп отырмыз. Ал ол дегеніміз - сананы жаңғыртудың басты мақсаттарының бірі».
Ол Елбасының «патриоттықтың ең жақсы үлгісі - мектептерде туған өлкеңнің тарихын оқып-зерттеу» деген сөздерін еске салды.
«Облыста мектеп жандарында өлкетану мұражайларын құру бойынша жұмыстар басталды. Олар осыған дейін де болған, алайда ол өте сирек кездескен жайт еді. Ал бүгінгі күні облысымыздың 125 мектебінде осындай мұражайлар ашылған. Екі жылдан соң олар аймағымыздың барлық мектептерінде жұмыс істейтін болады», - деді Ерлан Қошанов.