+7 (701) 759 90 19
USD 376.77 EUR 408.46
RUB 5.95 CNY 53.98
Jańalyqtar

Қарағанды облысында екі облыстық газет «Saryarqa aqparat» медиахолдингіне біріктірілді

2020 жылғы 14 ақпан 18:28
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында екі облыстық газет «Saryarqa aqparat» медиахолдингіне біріктірілді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында екі облыстық газет «Saryarqa aqparat» бірыңғай медиахолдингіне біріктірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстік Кореяда болған ірі жол апатынан 28 адам жарақат алды Жамбыл облысында полиция заң бұзған азаматтың көлігіне оқ атты Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін

Қарағанды әкімінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, «Ortalyq Qazaqstan» және «Индустриальная Караганда» газеттерін жаңғырту мақсатында Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысымен екі облыстық баспа басылымын бірыңғай медиа-холдинг – «Saryarqa aqparat» ЖШС-не біріктіру туралы шешім қабылданды.

Медиахолдингтің құрамына Талдау және болжау орталығы мен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі кіреді.

Бір ЖШС біріктіру туралы шешімді қос басылымның редакциясы түсіністікпен жылы қабылдады.

Газеттерді бірыңғай медиахолдингке біріктіру заман талабына сай іске асырылып отырған шара. Екі газет те бұрынғы атауларымен жұмыс істейтін болады.


Бүгін облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов «Saryarqa aqparat» ЖШС-нің жаңа басшысы Қамбар Ахметовты таныстырды.

Қамбар Жұмағалиұлы Ахметов 1978 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі.

Журналистика саласындағы өз қызметін қалалық «Балқаш өңірі» газетінде бастады.

2004 жылдан 2006 жылға дейін облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі болды. Кейін облыстық «Балқантау» газетінде жұмыс істеді.

2005-2008 жылдары Қарағанды облысының атынан «Қазақстан баспасөз клубында» жұмыс атқарды.

2007 жылдан бастап 2014 жылға дейін республикалық «Айқын» газетінің тілшісі болып жұмыс істеді.

«Baq.kz» ақпараттық агенттігінің, «Қазақстан» РТРК» АҚ интернет-жобалар бөлімінің, «Нұр Отан» партиясына қарасты «Электрондық партия» медиа редакциясы интернет-ресурсының басшысы болып қызмет етті.

2016 жылы Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі, 2018 жылы «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған.

ҚР Президентінің Алғыс хатымен, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» медалімен марапатталған.

Осыған дейін Қамбар Ахметовтың «Saryarqa aqparat» медиахолдингінің директоры қызметіне тағайындалғанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қарағанды облысы, БАҚ, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT