+7 (701) 759 90 19
USD 376.84 EUR 407.97
RUB 5.91 CNY 53.80
Jańalyqtar

Қарағанды облысында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру ұлғайтылады

2020 жылғы 12 қаңтар 22:32
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру ұлғайтылады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында биыл денсаулық сақтау саласына 93 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24%-ға артық. Бөлінген қаражаттың үштен бір бөлігі 1 қыркүйектен бастап жұмыс істеп келе жатқан міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне арналмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елжан Біртанов круиздік лайнердегі қазақстандықтардың жағдайы туралы баяндады Норвегия коронавируспен күреске дайын Қызылордада науқастарды заңсыз емдеп келген 3 емхананың жұмысы тоқтатылды

МӘМС жүйесінде мектеп медицинасын субсидиялау қарастырылған, консультациялық-диагностикалық және оңалту көмегін қаржыландыру көлемі айтарлықтай кеңейтілді. Қымбат зерттеулерге қол жеткізу 2 есеге өсті.

Медициналық сақтандыру жүйесі төлемдердің тұрақтылығына байланысты. Мемлекет есебінен қаржыландырылатын жеңілдік алатын азаматтар санаты автоматты түрде «сақтандырылған» мәртебесі берліді. Жұмыс істейтін қарағандылықтар үшін жарналарды жұмыс берушілер аударады. Өңіріміздегі 90 мыңға жуық өз бетінше жұмыспен айналысушылар үшін бірыңғай жиынтық төлем қарастырылған - бұл республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін 1 АЕК және қалған елді мекендер үшін 0,5 АЕК.

«Біз Мемлекеттік кірістер департаментімен бірге күн сайын, апта сайын осы жарналардың аударылуын тексереміз. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арнап біз бірыңғай жиынтық төлемді төлеу терминалдарын орнатамыз. Бүгінгі таңда халықтың басым бөлігі, ауылдық елді мекендерді қоса алғанда, МӘМС қатысушылары болып отыр», - деп түсіндірді Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гамаль Тоқсанбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдан бастап Қазақстанда әлеуметтік медициналық сақтандыру міндетті болды. МӘМС жүйесімен ел халқының 94,5% қамтуды жоспарлап отыр, оның 5%-ы – дербес төлеушілер. 1 сәуірге дейін елдің барлық тұрғындары өз мәртебесін анықтауы тиіс, себебі сол арқылы сіздің сақтандыруыңызды мемлекет, жұмыс беруші немесе өзіңіз қаржыландыратыныңыз белгілі болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT