Қарағанды облысында дауыл салдарынан мәдениет үйі мен тұрғын үйлердің шатырлары қирады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 17.00-дегі жағдай бойынша қатты жел екі қабатты тұрғын үй мен мәдениет үйінің шатырын ұшырып жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«23 мамырда 04.00-ден 17.00-ге дейін қатты желдің салдарынан (екпіні 21м/с) 2 қабатты тұрғын үйдің 135 шаршы метрі, 2 қабатты «Мәдениет үйі» МКҚК ғимаратының 60 шаршы метрінің шатыры ұшып кеткен. Ешкім зардап шекпеді», - делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар