Қарағанды облысында дәстүрлі Jezkiik фестивалі өтеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 24 тамызда Қарағанды облысының Ұлытау ауданында этномәдени мұралардың Jezkiik екінші халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сңлтеме жасап.

Аудандық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Еркебұлан Ағымбаевтың айтуынша, фестиваль 2018 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Биыл оның аясында гастрономиялық шоу өтеді. Онда шоудың бас аспазы қазақтың ұлттық тағамдарын дайындап, көшпенділердің дәстүрлі тағамдарының шығу тарихы туралы әңгімелейді.

Болатсай аумағында этноауыл салынады. Бағдарламаның негізгі бөлігі музыкалық аймақта өтеді. Спорттық аймақта Nomad Stunts шабандоз-каскадерлер тобы өнер көрсетеді. Food-аймақта қонақтар тамақтанып, салқын сусындар сатып ала алады.

«Жезкиік» екінші музыкалық фестивалінде Италия, Испания, Венгрия, Сербия және Қазақстан музыканттары мен фольклорлық ұжымдары өнер көрсетеді. Сахнаға Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жетекші солистері шығады, «Тоқырауын толқындары» халық ән және би ансамблінің әртістері, халық әндерінің орындаушылары қатысады.

Гала-концертке «Арлан» ұлттық дәстүр театрының әртістері, қазақстандық эстрада жұлдыздары: Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болманов, аты аңызға айналған «Дос Мұқасан» тобы, «Ұлытау» және Alatau Serileri топтары, «Алтын батыр» степ-тобы өнер көрсетеді.

Фестиваль қарсаңында 22 тамызда Ұлытау қаласында туроператорлар форумы өтеді. Оған Ресей, Түркия, Германия және басқа да елдердің мамандары шақырылды. Туроператорлар үшін Жошы хан, Алаша хан кесенелеріне және басқа да тарихи ескерткіштер мен киелі жерлерге экскурсия өткізіледі.

23 тамызда мұнда ауыл жастарының форумы өтеді.
Фестиваль алаңында киіз үйлер орнатыла бастады, жалпы саны 45 киіз үй көтерілмек. Қазіргі таңда үлкен сахнаны, ойын алаңдарын, алтыбақанды, сауда шатырларын, қолөнершілерге арналған шатырларды және басқа да ғимараттарды қамтитын этноауыл құрылып жатыр.

Бірінші Халықаралық Jezkiik фестивалі Қарағанды облысында 2018 жылы өткен болатын. Содан кейін музыкалық іс-шара жыл сайын өткізіледі деген шешім қабылданған.

Соңғы жаңалықтар