Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.05 EUR 428.25
RUB 5.84 CNY 54.65
Jańalyqtar

Қарағанды облысында дәрігерлердің қызметіне шағымданушылар 25% азайды

2019 жылғы 31 шілде 12:44 140
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында дәрігерлердің қызметіне шағымданушылар 25% азайды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының Call-орталығына жарты жылда 4500-ден астам қоңырау түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасында медициналық «жедел желі» жұмысының қорытындысы шығарылды. Жыл басынан бері Call-орталыққа 4693 адам хабарласқан. Тұрғындардан келіп түскен қоңыраулардың көбі анықтамалық ақпараттарға қатысты, олар - 3237.

«Біздің мамандарға көбіне адамдар медициналық ұйымның телефонын білуге, қандай да бір мәселемен қай дәрігерге бару керектігін немесе «порталға тұру үшін» қандай құжаттар жинау керек екенін білу үшін хабарласады»,- дейді Call-орталықтың жетекшісі Татьяна Коростелева.

Өткен жылмен салыстырғанда дәрігерлер мен медициналық ұйымдарға шағымдар саны 25% төмендеген. Алайда, адамдардың әлі де мамандарға жазылу мен ауруханаға жатқызу ережелеріне көңілдері толмайды. Бұл сұрақтарды Call-орталық операторлары «осы жерде және қазір» әдісі бойынша шешеді. Науқастан немесе оның туысынан қоңырау түссе, «жедел желі» маманы бірден медициналық ұйымға хабарласып, туындаған барлық мәселелерді шешеді. Бірнеше күннен соң оператор қажетті көмек көрсетілді ме және науқастың оған көңілі толды ма, осы мәселелерді білу үшін медициналық ұйымға «шешуші қоңырау» шалады.

Еске сала кетейік, Денсаулық сақтау басқармасының Call-орталығы (тел.: 9-5555-9) 2014-ші жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейді. Штатта кәсіби психологиялық білімі бар 3 маман бар. «Жедел желіге» қоңыраулар жұмыс күндері сағат 9.00 мен 18.00 дейін қабылданады. Басқа күндері хабарлама қалдыруға болатын автожауап бергіш жұмыс істейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT