Қарағанды облысында далада ер адамның денесі табылды
2019 жылғы 15 сәуір 12:30

Қарағанды облысында далада ер адамның денесі табылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Демалыс күндері полиция қызметкерлері Қарағанды облысының Шет ауданы аумағында ер адамның мәйітін тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицияның мәліметтеріне қарағанда ер адамның мәйіті ағымдағы жылдың 14-ші сәуірінде Шет ауданына қарасты Ақсу-Аюлы ауылынан 5 шақырым қашықтықта табылған. Полиция қызметкерлері оның аты-жөнін анықтады. Ол бұрын із-түссіз жоғалып кеткен 32 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Jańalyqtar

MURAǴAT