+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Қарағанды облысында дала өртінен үш адам күйіп қалды

2021 жылғы 18 қыркүйек 13:44
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында дала өртінен үш адам күйіп қалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Өткен тәуліктерде Қарағанды облысының құтқарушылары еріктілермен бірге алты дала өртін сөндірді. Жалынмен күрес кезінде үш адам зардап шекті, оларды 18, 28 және 90% күйік шалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Өткен тәулікте, 17 қыркүйекте Қарағанды облысы аумағында Ақтоғай (жану алаңы - 200 га, 500 га, 2000 га), Қарқаралы (жану алаңы - 530 га, 300 га) және Шет аудандарында (аумағы - 40 га) 6 табиғи өрт сөндірілді.

«Қарқаралы ауданының Балқантау ауылдық округіндегі табиғи өртті ауыздықтау барысында 1989, 1979 және 1973 жылы туған Егіндібұлақ кентінің 3 тұрғыны ауруханаға жатқызылды. Олардың денесін 18, 28 және 90% термиялық күйік шалған», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Бүгін таңертең 18 қыркүйекте Ақтоғай ауданында 300 га алаңда табиғи өрт ауыздықталды.

Табиғи өрттерді жоюға 339 адам және 94 техника, оның ішінде ТЖ департаменті (93 адам, 22 техника) және жергілікті атқарушы органдардың өртке қарсы ерікті құралымдары (246 адам, 72 техника) жұмылдырылды.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT