Қарағанды облысында дала өртін сөндіруге мыңға жуық адам жұмылдырылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында дала өрттері сөндіріліп жатыр. 7 шілдедегі жағдай бойынша 24 өрт ошағы бақылауға алынды. Оның ішінде екі дала өрті мен 14 өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрттерді сөндіруге мыңға жуық адам мен 184 техника жұмылдырылған.

Ұлытау ауданындағы Жангелді және Ақтас ауылдық округтерінде құтқарушылар өртпен күресуді жалғастыруда. Табиғи апатты жоюға 370 адам мен 45 техника жұмылдырылды.

Өрт сөндіру жұмыстары Шеңбер және Амангелді ауылдық округтерінде де жүргізіліп жатыр.

«6 шілдеде Жаңаарқа ауданында екі, Ақтоғай және Шет аудандарында бір-бірден дала өрті тіркелді», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеден бері Қарағанды облысының Ұлытау ауданында құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар, ерікті жасақтар бірнеше дала өртін сөндіріп жатыр. 5 шілдеде Ұлытау ауданының үш елді мекенінде төтенше жағдай жарияланды.


Соңғы жаңалықтар