Қарағанды облысында Бұқар жыраудың 350 жылдығы кең көлемде аталып өтілуде

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында ұлы ойшыл Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығы тойлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мерекелік іс-шараны Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ драмалық театрының ұжымы сахналаған «Көмекей әулие» қойылымы ашты. Көрермендер XVIII ғасырдағы Абылай ханның кеңесшілерімен кездесу өткізген сәттің тарихи картинасын тамашалауға мүмкіндік алды.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов ұлы жыраудың мұрасы әлі күнге ұрпақтан ұрпаққа келе жатқанын ерекше айтып кетті.

«Бүгін біздің ұлы бабамыздың армандары орындалды. Біз тәуелсіздікке қол жеткіздік, шекарамызды анықтадық, бұл іс жақында ғана Ақтау қаласында түйінделді.  Мұның барлығын кезінде Бұқар жырау армандаған. Хандардың заманында парламенттің, сыртқы саясат министрлігінің жұмыстарын атқарды. Ұлы ойшылдың тарихи бейнесін бізге XIX ғасырда Шоқан Уәлиханов, XX ғасырда Мұхтар Мағауин танытты. Бұқар жыраудың елдің дамуына қосқан үлесін жан-жақты зерттеп, жас ұрпаққа жеткізу маңызды», - деді Е. Қошанов.
null

Мерекелік концерттік бағдарламада Роза Рымбаева, Алтынай Жорабаева, Жамиля Баспақова сынды қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздары, «Хайрулло Дадобоев» фольклорлық ансамблі, (Тәжікстан), «Ағайынды Жүгінісовтер» тобы, Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптарының академиялық оркестрі, сондай-ақ Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистері өнер көрсетті. 

Шараға 10 мыңнан астам адам жиналып, 100-ден астам киіз үй тігілді. Сондай-ақ, арнайы спорттық алаңдар әзірленді. 

Жезқазғанда Бұқар жыраудың 350 жылдығына орай ұлы ойшылдың шығармашылығына арналған облыстық конференция ұйымдастырылды. Сәуірде аудан тұрғындары мен жастар арасында мәнерлеп оқудан «Бұқарекең жырлайды» атты XI Аудандық байқау өтті.

Бұдан бөлек, мамыр айында I Халықаралық жыршылар мен жыраулар фестивалі өткен еді.

Маусымда Алматы қаласының Д. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының құқық және кеден ісі кафедрасының меңгерушісі Қабдулсамих Айтқожиннің қатысуымен «Көмейінен жыр тамған Бұқар жырау» әдеби-поэтикалық кеші өтті.

Шілде айында «Дархан даланың ұлы жырауы» жастар форумы өтіп, 1 миллион теңгеден 10 грант бөлінді. Сондай-ақ, қолданбалы және бейнелеу өнерінен  «Руханият» көрме-байқауы өткізілген еді. Шарада «17-18 ғасырдағы Қазақ хандығы» тақырыбында картиналар назарға ұсынылды.

Еске салайық, Бұқар жыраудың рухани мұрасын дәріптеу мақсатында Бұқар жырау ауданындағы Далба тауының баурайында белгілі режиссерлердің қатысуымен деректі фильм түсірілген еді. Аталмыш фильмнің тұсаукесері қыркүйек айында өтеді.

Айта кету керек, Бұқар жырау ауданы ұлы ойшылдың есімімен аталған республикадағы жалғыз өңір.
nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар