Қарағанды облысында боранға байланысты жолдар жабылды

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының бірнеше жолында қозғалыс тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» АҚ сілтеме жасап.

Өңірде күннің кұрт бұзылуына (қар, қатты жел, жолдың көрінбеуі) байланысты 15 ақпан күнгі сағат 04:40-тан бастап «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» күре жолының учаскесінде (Қарағанды қаласы-Қарқаралы қаласының 17-217 шақырымдары) көліктің барлық түрлері үшін жол жабық.

Сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығына (қар, қатты жел, жолдың көрінбеуі) байланысты 15 ақпандағы сағат 04:30-дан бастап «Екатеринбор-Алматы) күре жолының учаскесінде (Теміртау қаласы-Қарағанды қаласы, 1446-1457 шақырымдар) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.


Соңғы жаңалықтар