Қарағанды облысында биылғы жылы дәрігерлерге 63 пәтер беріледі

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Қарағанды облысында дәрігерлерге 63 пәтер беріледі. Бұл жайлы Аймақтық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының амбулаторлық-емxаналық көмекті дамыту және үйлестіру бөлімінің жетекшісі Дана Байкенова мәлім етті, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

«Облыстағы ауруxаналар мен емxаналарда қазіргі таңда 97 дәрігерлер жетіспейді. Ол - неонатологтар, анестезиологтар, акушер-гинекологтар, сондай-ақ жалпы тәжірибелік дәрігерлер. Алайда Денсаулық сақтау басқармасының кадрларды жұмылдыру бағдарламасы өз нәтижелерін беріп жатыр. Өткен жылы облысқа 333 дәрігер келді, олардың 260-сы жас мамандар», - дейді Дана Байкенова.

Оның айтуынша, мамандарды тарту үшін Денсаулық сақтау басқармасы 2016 жылдан бері оларға баспана бере бастаған. 2016 жылы дәрігерлер 4 пәтер алған, 2017 жылы - 26 пәтер.

«2018 жылы Балқашта және Саранда жас мамандар 27 пәтер алды. Сонымен қатар осы жылдың соңына дейін тағы 63 пәтер беріледі. Қоныс тойларын Абай, Шахтинск, Жезқазған және Қарағанды, сондай-ақ Ақтоғай ауданындағы дәрігерлер тойлайтын болады», - деп атап өтті Дана Байкенова.

2020 жылы Денсаулық сақтау басқармасы Қарағандыда, Теміртау, Жезқазған және Қарқаралыда 210 пәтер беруді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар