Қарағанды облысында биыл жаңа мал шаруашылық кешені іске қосылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының фермерлері мал шаруашылығы саласында ірі жобаларды жүзеге асыруда. Бұқар Жырау ауданының Новоузенка ауылдық округінде күзде ет өндіру кешенін іске қосу жоспарланып отыр. Мұнда шаруа қожалықтарының бірі сүт өндірісін кеңейту үшін жаңа база салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мал шаруашылығы кешенінің құрылысын «Апрель» фермерлік кәсіпорны жүргізуде. Жобаның құны 1 млрд теңгені құрайды, оның 300 млн теңгесі – жеке инвестициялар. Шошқа етін өндіру үшін Швейцария мен Германиядан асыл тұқымды мал сатып алу жоспарлануда. Кешеннің өндіріс қуаты жылына 5 мың тонна болмақ.

Кешен жетекшісі Денис Кобелевтің айтуынша, Big Dutchman неміс фирмасының қолданылатын технологиясы барлық үдерістерді автоматтандыра отырып, қазіргі қарқынды ресурс үнемдейтін өндіріске негізделген.

Кешен биылғы жылдың қазан айында іске қосылады, деп хабарлады ол. Инвестордың ақпараты бойынша, бастапқы кезеңде 20 жаңа жұмыс орны ашылады.

Salem шаруа қожалығы ірі қара мал өсірумен айналысады. Кәсіпорын 2017 жылдан бастап жұмыс істейді, бүгінде мұнда симментал тұқымды 600 сиыр мен бұқа бар. Жануарлар Луганск пен Башқұртстаннан жеткізілген. Жазғы уақытта сиырлар күніне 2 тоннаға дейін сүт береді.

Шаруа қожалығы өндірілген сүттің бір бөлігін «Нәтиже» фирмасына жеткізеді, қалған өнім ірімшік өндіру үшін қайта өңделеді. Кәсіпорын бұқаларды жергілікті бордақылау цехтарына тапсырады.

«Қазіргі уақытта біз өндірісті кеңейту бойынша жұмыс жасап жатырмыз. 1-ші қыркүйекке дейін 400 бас ірі қара малға арналған үшінші базаны іске қосамыз. Жоба 400 млн теңгені құрайтын жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылуда. Өндірісті кеңейту сүт көлемін күніне 5 тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді және қосымша 32 жұмыс орнын ашады», - деді Salem ШҚ басшысы Нұржан Рахымбаев.

Ол өндірістік үдерістер толығымен автоматтандырылғанын атап өтті. Жаңа база үшін итальян, поляк және ресейлік өндірістің жабдықтары сатып алынды.

Соңғы жаңалықтар